"Тағылым" танымдық интеллектуалды клубы


Құрметті оқырман және барша қала тұрғындары!  

Н.В. Гоголь атындағы Қарағанды облыстық əмбебап ғылыми кітапханасында «Тағылым» танымдық интеллектуалды клубы ашылды. Жаңа жоба Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды Мемлекеттік университетінің "Тұлғатану" ғылыми-зерттеу орталығымен бірлесіп жұмыс жасайды. Клубтың модераторы – Арқаның от ауызды орақ тілді айтыскер ақыны, ҚарМУдың ұлағатты ұстазы, ф.ғ.к., доцент Айтбай Жұмағұлов.
Мақсаты – елдің алдында жоғын жоқтап, мұңын мұңдап жүрген, өнегелі тұлғалардың бойындағы білген-түйгендері мен барлық жақсы қасиеттерін жас ұрпақтың бойына дарытып, санасына сіңіру.
"Тағылым" танымдық интеллектуалды клубында Қазақстан Республикасының мəдениет жəне қоғам қайраткелері мен айтулы ғалымдарының дəрістерін тыңдауға баршаңызға үлкен мүмкіндік бар.
"Тағылым" танымдық интеллектуалды клубында дəрістер əр айдың соңғы аптасында бір рет кітапханада өтіп тұрады. Аталмыш клубқа кітапхана оқырмандары мен студент жастар, қала тұрғындары мүше бола алады.
«Тағылым» танымдық интеллектуалды клубы – рухани әлемін молайта түскісі келетін әрбір жанды танымды тұлғалардың тағылымды дәрістерін тыңдауға шақырады!

5 комментариев:

  1. Игі шараларыңыз жаңа технологиялармен ұштасыпты. Үлкен қуаныш - дұрыс бағдар! Блогқа барлық видеоларды қойсаңыздар жақсы болар еді. Алмас ағамен, Қойшығара ақсақалмен және Алаштың азаматтары - ЕНУдан келген қонақтармен болған кездесулерді осы жерден көрсек екен... рахмет

    ОтветитьУдалить
  2. Клубтың аты да тамаша екен! Мәнді де мағыналы кездесулер көп болсын!

    ОтветитьУдалить
  3. Керемет бастама. Ұлағатты тұлғалардың бойындағы жақсы қасиеттерін жастардың бойына сіңіуге таптырмас клуб. Әрбір дәрісін е қатысуға тырысамын.

    ОтветитьУдалить
  4. Керемет бастама. Ұлағатты тұлғалардың бойындағы жақсы қасиеттерін жастардың бойына сіңіуге таптырмас клуб. Әрбір дәрісін е қатысуға тырысамын.

    ОтветитьУдалить
  5. Этот комментарий был удален автором.

    ОтветитьУдалить