Халық қызметшісі


Өр Алтай мен Атыраудың арасын мекен еткен, тарихы тереңде жатқан қазақ халқы ежелден сөз өнерін қастерлеп, ардақтаған. Астарлы сөйлеп, аталы сөзге тоқтаған.
Басқа халықта кездесе бермейтін, қазақ баласының маңдайына жазылған үлкен сөз өнері - айтыс өнері де соған дәлел. Қазақ мәдениетінің бір тармағы болып саналатын бұл өнер – кешегі Қырғыздың Қатағанын шаң қаптырған Сүйінбайдан бастау алып, қазіргі таңда да өз жалғасын тауып келеді.
Наурыз мерекесінің қарсаңында Қарағандының әдеби ортасының қалыптасқан үрдісі бойынша, кітапханамызда Е.А.Бөкетов атындағы ҚарМУ-нің "Тұлғатану" ғылыми-зерттеу орталығымен бірге жұмыс жасайтын "Тағылым" интеллектуалды клубының кезекті кездесу кеші өтті. Бұл жолғы тағылымды кештің қонағы айтыскер ақын Қонысбай Әбіл ағамыз болды.

Ашылғанына көп бола қоймаған клуб қабырғасында бірнеше тағылымға толы кеш өткен еді. Жырау Алмас Алматов, ғалым-жазушы Қойшығара Салғараұлы, алаштанушылар Сұлтанхан Аққұлұлы, Сағымбай Жұмағұлов, Қайырбек Кемеңгер сияқты тұлғалармен өткізілген кездесу кештерін көзі қарақты оқырман әлі күнге дейін тамсана айтып жүр.
Кешті Айтбай Жұмағұлов жүргізді. Әдеби кездесу кешіне ақын, ұстаз Қойлыбай Асан, Қали Байжанов атындағы концерттік бірлестіктің күміс көмей әншісі Дәуренбек Әркенов, Теміртау қаласынан арнайы келген Руза Алдашева және қаламыздың оқу орындарындағы студенттер қауымы мен кітапханашылар қатысты. Ақын аға өткен өмір-өткелдерінен сыр шертіп, айтыс сахнасындағы небір қызықты сәттерін баяндап берді. Ақынның әніне жазылған «Бала махаббаты» әнін әуелете шырқаған Дәуренбек Әркенов ән авторының батасын алды. Өз кезегінде Қойлыбай Асан Қонысбай ақынмен алғаш кездескен естелігімен бөлісті. Тыңдармандар болса көкейлеріндегі сауалдарына жауап алды. Кездесу соңында ақын өз өлеңдерін оқып, өзі жазған әнін домбыраның шанағында күмбірлетті. Ән қалықтап кетті...
Ақын жүректің ақжарма тілегі ақ қағаз бетіне жыр жолдары болып төгілді



Фото және бейне




 








Комментариев нет:

Отправить комментарий